Eva Wine Cafeлоготип
  • Eva Wine Cafe
  • Eva Wine Cafe
  • Eva Wine Cafe
  • Eva Wine Cafe
Президенттік саябаққа қарама-қарсы орналасқан талғампаз комфорт-фуд және әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған шараптар
₸₸₸₸

Гурген Басенцян ашқан Good Project (Selfie, «На крыше» және т.б.) шарап мейрамханасының интерьері скандинавиялық кітапхананы еске салады: шыны, ағаш, рейкалы пергола, төбеге дейін жететін сөрелер. Ал сол сөрелердегі бөтелкелер – әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған энологтердің тұтас коллекциясы. Сұрыптарға қарай реттелген шарап картасы Ассы аңғарынан басталып, Словения мен Ливан арқылы Ескі дүниенің әйгілі шарап үйлеріне жетелейді. Асүйі де тосын бұрылыстарға толы: тауық жүрегінен дайындалған қуырдақ, жұмыртқа сарысынан жасалған боттаргамен ұсынылатын ньокки, анар тұздығындағы қақталған қызылша. Ал таңғы асқа – ірімшік тұздығымен ұсынылатын сүзбелі пончиктер.

  • ₸₸₸₸
  • Ахмет Байтұрсынов көшесі, 3
  • Дс-бс, жс 09:00-00:00, жм-сб 09:00-01:00
  • +7 (705) 219-97-77