• Selfie
  • Selfie
  • Selfie
  • Selfie
Бар мағынасында биік асхана: The Ritz-Carlton қонақүйінің 18-қабатындағы бауырсақ пен қазы
₸₸₸₸

Good Project пен мәскеулік White Rabbit Family-дің бірлескен жобасы биігін барлық мағынада ұстап тұр. Гарри Нуриев қолтаңбасы қалған интерьер, The Ritz-Carlton қонақүйінің 18-қабатынан ашылатын елорда көрінісі, өздерінің Astana Global Gastro фестивалі — оған Рим мен Сеулден, Испания мен Бельгиядан Michelin жұлдызды шефтер келеді. Асүйде ұлттық дәстүрлерді жаңаша пайымдаудан қорықпайды. «Дәм мұрасы» сетінде — жылқы жүрегі қосылған түйе тұшпарасы, Балқаш көксеркесі күздік бидаймен және құрттан жасалған балмұздақ. Ал негізгі мәзірде сегізаяқ, паста мен борщтың қатарында KZ белгісімен ұсынылатын жергілікті тағамдар да бар. Дастарқанға серік — қазақстандық бренди, виски топтамасы және таңдаулы шараптар.

  • ₸₸₸₸
  • Достық көшесі, 16
  • Күнделікті, 12:00-00:00
  • +7 (777) 000-05-15
Марапаттар
2026
Ресторан года