The Chef Group компаниясының негізін қалаушы Артём Марченко аспаздықтың әліппесін әжесі Зинаидадан үйренген. 2019 жылы ашылған алғашқы мейрамханасына да оның есімін берген. Содан бері бұл отбасы тағы алты мейрамханамен толықты. Бірақ Zina-ға жұрт әлі күнге дейін өз үйіне келгендей қуана оралады. Төрт зал, камин, веранда, күтушісі бар балалар бөлмесі, өздері дайындайтын лечо мен тұздықтар — мұнда бәрі үйдің жылуын сездіреді. Асүйде харизмасы бөлек аспаз апай Айманның жетекшілігімен пеште пицца, скоблянка, көксеркеден дайындалатын көктал мен табадағы балапан әзірленеді, ал грильде қазы мен стейктер қуырылады. Тіскебасарға — холодец, таңғы асқа — үйрек шыжығы қосылған драник, ал бір бокал шымырлы шарап — мекеменің сыйы.
- ₸₸₸
- Оңтүстік-Шығыс шағын ауданы (оң жағы), Ақыртас көшесі, 1/1
- Күнделікті, 08:00-00:00
- +7 (700) 347-00-00