Опера және балет театрының жанындағы бұл ет мейрамханасында басты әріп — «R». Көп бетті мәзір ростбифтен (саңырауқұлақ тұздығы мен микс-салатпен ұсынылады) басталып, оның дәл ортасында рибай стейктері орын алған. Одан әрі нағыз гастрономиялық әліппе жалғасады: бешбармақ пен бургерден бастап, удон мен балық сорпасына, фетучини мен «Филадельфияға», чебурек пен таңғы шакшукаға дейін. Таңғы ас мұнда күн сайын сағат 8:00-ден бастап ұсынылады. Шағын емес гастрономиялық дәріс шарап картасында да жалғасады: екі жүзге жуық атаудың ішінде Ескі дүние де, Калифорния бастап тұрған Жаңа дүние де бар. Бөтелкелер қойылған сөрелер кеңістікті әсем бөліп тұр, ал интерьердің өзі тас қабырғалы классикалық стейкхаустан гөрі еденнен төбеге дейінгі терезелері бар жабық жеке клубты көбірек еске салады.
- ₸₸₸
- Қабанбай Батыр даңғылы, 15/1
- Күнделікті, 08:00-00:00
- +7 (775) 102-98-78