«Джанго», «Годзилла», «Гаргантюа», «Макконахи» — бұл Sushiman мәзіріндегі ролл атауларының кішкентай бөлігі ғана, ал олардың жалпы саны «Жұлдыздар соғысының» титрлерінен де ұзақ. Артем Козодаевтің суши-бары шын мәнінде Татуин немесе Эндор планеталарындағыдай өзіндік заңдары бар әлем. Қандай ролл ролл ойлап тапсаңыз да —ысталған, трюфельді, карамельді, хот-дог стилінде, сет (240 дана — клондар әскеріне ме?): ол мұнда бар. Және бұл — мәзірдің бір бөлігі ғана: пицца, бәліштер, тіскебасарлар, десерттер де бар. Физика заңдарына да бағынбайды: тәрелкелерде «теңіз толқиды», соя тұздығы құйылған акула тәрізді ыдыс «жүзеді», пинтерест стиліндегі комикстерде рамендер қалқиды және трико киген Сушименнің өзі көмекке асығады. Бұл қалаға жаңа қаһарман керек: әзірге Sushiman екеу ғана, ал Marvel-дегі кроссоверлердей көп болса екен дейсің.
- ₸₸
- Қабанбай Батыр даңғылы, 58Б, 1-корпус
- Күнделікті, 10:00-23:00
- +7 (707) 778-83-00