The Chef Group (Zina, Var-Var және т.б.) негізін қалаушы Артём Марченконы достары жас кезінен Марчелло деп атаған. Сондықтан бұл лақаптың бір күні пицца мен болоньезе ұсынылатын мейрамхана атауына айналуы — уақыт сұрағы. Marcello — нәзіктік пен талғамның бейнесі: гүлдер салынған фрескалар, коллекциялық фарфор, бокалдардың үні — Умбрия шіркеулеріндегі қоңыраулардай, террасаның перделері — оңтүстік жағалаудағы желмен ойнаған желкендердей. Таңғы асқа — мортаделла қосылған жұмыртқа және томат пен страчателламен пісірілген шелпектер; түскі асқа — аррабиата пастасы немесе шұжық пен балқарағай жаңғағы қосылған неаполитандық пицца — совиньон немесе кьянти ішіңіз, ал кешкі асқа панцанеллеге тапсырыс беріп, оған грузиндік шарап мцване алыңыз — Жерорта және Қара теңіздің диалогы секілді.
- ₸₸₸
- Туркестан көшесі, 28А
- Күнделікті, 08:00-00:00
- +7 (700) 400-00-37